•
Өнімнің үстіне ішінде сұйықтық бар ешқандай ыдысты қоймаңыз (мысалы, құмыра,
сусын, косметика, химиялық заттар т.б.). Өнімге (ауа желдеткіштері, I/O порттары т.б.
арқылы) ешқандай заттардың (мысалы, тиын, шаш қыстырғыш т.б.) немесе жанғыш
материалдың (мысалы, қағаз, сіріңке т.б.) енбеуін қадағалаңыз.
-
Егер өнім ішіне зиянды зат немесе сұйықтық кіріп кетсе, өнімді дереу өшіріп, қуат
сымын ажыратыңыз да, Samsung компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
•
Өнімді жерге құлатпаңыз. Өнім сынып қалса, қуат сымын ажыратып, Samsung
компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Өрт шығу немесе ток соғу қауіпі бар.
•
Өнімнің қуат сымынан немесе сигнал кабелінен ұстамаңыз немесе тартпаңыз.
-
Зақымданған кабельден өнімнің бұзылуы, өрт шығу немесе ток соғу қаупі туындауы
мүмкін.
•
Өнімнің жанында жанғыш материалдарды пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
•
Егер өнімнен біртүрлі дыбыс, күйген иіс немесе түтін шықса, дереу қуат сымын ажыратып,
Samsung компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Егер газдың иісін сезсеңіз, бөлмені дереу желдетіңіз. Өнімнің қуат ашасын ұстамаңыз.
Өнімді өшірмеңіз немесе қоспаңыз.
•
Өнімді құлатып алмаңыз немесе кенеттен соғып алмаңыз. Өнімді өткір затпен теспеңіз.
•
Бұл өнімді іште жылжытуға және қоюға болады.
•
Бұл өнім суға немесе шаңға төзімді емес.
•
Өнімді құлатудың немесе зақымдаудың алдын алу үшін, оны жылжыту кезінде абай
болыңыз.
❚
Тазалауға қатысты сақтық шаралар
•
Өнімді тазалау үшін спирт, еріткіш, парафин, бензин, сұйылтқыш, ауаны тазартқыш
немесе майлағышты ешқашан пайдаланбаңыз немесе өнімге жәндіктерді өлтіру құралын
шашпаңыз.
-
Осы материалдардың кез келгенін пайдалану сыртқы бетінің түсін кетіруі не оны бөлуі
немесе қабатын ажыратуы, яки өнім таңбасын жоюы мүмкін.
•
Өнімді тазалау үшін, қуат сымын ажыратып, кейін таза, құрғақ, жұмсақ шүберекпен
(микроталшық, мақта) сүртіңіз.
-
Өнімде шаң қалдырмаңыз. Шаң оның бетін сыруы мүмкін.
KAZ - v
Comentários a estes Manuais